Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттіліктің бастауында тұрды – Игорь Рогов

993

Тұңғыш Президент Конституцияның мәтінімен кәсіби түрде жұмыс істеді.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттіліктің бастауында тұрды – Игорь Рогов Фото: inform.kz

Бас шаһарда "Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі" деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шара Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарының 3-тармағының 15-тармақшасын іске асыру аясында атқарылды.

"Елде жүргізілген конституциялық реформа қоғамды демократияландыруды, Парламенттің рөлін күшейтуді, Үкіметтің жауапкершілігі мен дербестігін арттыруды көздеді", – деді жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов.

Ол ҚР Тұңғыш Президенті конституциялық реформа арқылы Президент, Парламент және үкімет арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге ықпал еткенін айтты.

"Конституциялық реформа адам құқықтарын қорғаудағы конституциялық бақылау функцияларын күшейтіп қана қоймай, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуға жеткізді", – деді Игорь Рогов.

Оның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттіліктің бастауында тұрды.

"Тұңғыш Президент конституциялық құрылымның шетелдік тәжірибесін жеке зерттей отырып, Конституцияның мәтінімен кәсіби түрде жұмыс істеді", – деді Игорь Рогов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу