Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

1961

Елбасы ел тұрғындарына мықты денсаулық, бақ-береке тіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

"Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сан ғасырлық тарихы бар Наурыз мейрамы бүгінде ел бірлігінің, келісім мен тұрақтылықтың жарқын символына айналып отыр. Қазақ халқының ұлы мәдениеті мен бай салт-дәстүрінен бастау алған мереке ізгілік пен ынтымақ, татулық пен сыйластық сынды мәңгілік құндылықтардың жаршысы саналады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның пікірінше, бүгінгі таңда әлемнің әр түкпірінде болып жатқан оқиғалар бұл мейрамның маңыздылығын одан әрі арттыра түскен.

"Ол бізге қоғамдағы келісімнің, көпұлтты еліміздегі тыныштық пен мамыражай өмірдің қадірін түсінуге көмектеседі. Тіршілікті түлеткен көктем мерекесі жанымызды жадыратып, Отанымыздың игілігі жолында жаңа жетістіктерге жету үшін бойымызға күш-қуат пен сарқылмас жігер береді. Ұлыстың ұлы күнінде баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әз-Наурыз шаңырақтарыңызға ырыс пен молшылық әкелсін!", – деп түйіндеді сөзін тұңғыш Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу