Нұрсұлтан Назарбаев нейрохирургтарға құттықтау жолдады

816

Нұрсұлтан Назарбаев нейрохирургтарға құттықтау жолдады

Елордада халықаралық нейрохирургия форумының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр. Шара  барысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев форум қатысушыларына елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Елордамыз 20 жылдығы мен Ұлттық нейрохирургия орталығының 10 жылдығы қарсаңында өтіп отырған халықаралық нейрохирургия форумына қош келдіңіздер. Бүгінде бұл форум заманауи нейрохирургия саласының ең соңғы жетістіктері мен өзекті проблемалары талқыланатын санаулы пікірталас алаңдарының бірі ретінде танымал. Сіздердің табысты жұмыстарыңыз медицинадағы зияткерлік капитал мен инновацияның өсіміне септігін тигізеді. Қазақстан отандық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мен сапалы дамытуға айрықша назар аударады. Осыдан 10 жыл бұрын болашақтағы Ұлттық нейрохирургия орталығының госпиталі идеясы аясында құрылған ол бүгінде Орталық Азиядағы жетекші мекемеге айналып отыр. Форум барысында тек қана конструктивті пікір алмасу ғана болып қоймай, сонымен бірге азаматтардың денсаулығын нығайтуға, осынау өмірлік маңызды саладағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған нақты шешімдер әзірленеді деп сенемін", - деп атап өткен Қазақстан президенті.

Айта кетейік, жалпы отырысы ертең өтетін Халықаралық нейрохирурия форумына еліміздің барлық өңірлерінен және 20-дан астам елден жетекші хирургтар келген. Олар нейрохирургия, нейроноонкология, жұлын, тамырлы, педиатрия нейрохиругиясы және шеткі жүйке нейрохиругиясы, жіті инсультаттарды емдеу мәселелерін талқыға салмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу