Нұрсұлтан Назарбаев Николя Саркозимен телефон арқылы сөйлесті

705

Телефон арқылы сөйлесуге Франция жағы бастамашы болды.  

Нұрсұлтан Назарбаев Николя Саркозимен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының бұрынғы Президенті Николя Саркозимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды elbasy.kz.

Николя Саркози Елбасын мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Францияның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және екі ел арасындағы ынтымақтастықты белсенді дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеген жылдарды жылы сезіммен еске алатынын айтты.

Елбасы Николя Саркозиге шынайы құттықтауы мен жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, 2008 жылы Парижде тараптар қол қойған Қазақстан мен Франция арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы келісімінің ерекше маңыздылығына назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу