Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы кездесуде өңірдің бірегей тарихына және мәдени ерекшелігіне тоқталды.
"Оңтүстік Қазақстан – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлке. Бұл – абыздар мен әулиелердің қасиеті дарыған, Қожа Ахмет Яссауи мен Әл-Фарабидің ізі қалған, көне мәдени мұраға бай киелі жер. Қазір бұл өңірде бүкіл ел халқының 16%-ы тұрады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу