Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Тараптар Астана және Ташкентке өзара жасаған сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті іске асырылып жатқанын атап өтті. Соның ішінде екі ел тауар айналымының жоғары қарқынмен өсіп, бизнес орта байланыстарының жанданып келе жатқаны айтылды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев басым бағыттар бойынша Қазақстан-Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі ілгерілетуге уағдаласты.
Сондай-ақ, көшбасшылар күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.