Елордада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жаңа орынбасарларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Өздеріңіз де білесіздер, біз әрбір сессияда ротация тәртібімен, сіздердің келісімдеріңізбен түрлі этно-мәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының екі орынбасарын тағайындаймыз. Ассамблея кеңесінің ұсынысымен, ҚХА төрағасының орынбасары қызметіне "Вайнах" шешен-ингуш қоғамының мәдениетін дамыту Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі Юсуп Келигов пен өзбектердің "Дустлик" республикалық қауымдастығының сарапшысы Шерзод Пулатов тағайындалды", – деді ҚР Тұңғыш Президенті.