Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель байланысты жалғастыра беруге уағдаласты

895

Ангела Меркель Қазақстанның Тұңғыш Президентіне зор денсаулық, сондай-ақ халықтың игілігі жолындағы алдағы қызметіне табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель байланысты жалғастыра беруге уағдаласты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Германия Канцлері Ангела Меркель Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімін зор құрметпен қабыл алғанын атап өтті.

Ангела Меркель тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, халықаралық аренадағы беделі, сондай-ақ әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі Елбасының есімімен тікелей байланысты екенін айтты.

Германия көшбасшысы достық пен сенімге негізделген Қазақстан-Германия ынтымақтастығының қалыптасуына және нығая түсуіне Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегін ерекше бағалады.

Ангела Меркель Қазақстанның Тұңғыш Президентіне зор денсаулық, сондай-ақ халықтың игілігі жолындағы алдағы қызметіне табыс тіледі.

Тараптар тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу