Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ, күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев келесі жылы Ташкентте Орталық Азия елдері басшыларының кезекті жұмыс (консультативтік) кездесуін өткізу жөніндегі уағдаластықты нақтылады.
Тараптар осы іс-шараға дайындық мәселелерін аймақ елдері сыртқы саяси ведомстволарының деңгейінде келісудің маңыздылығын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу