Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев Астананың көрнекті жерлерін аралады

735

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев Астананың көрнекті жерлерін аралады

Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрында болып, "Қыз Жібек" операсының дайындығын көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев Университетінде болған екі елдің президенттері білім ордасының даму жоспарымен, өнеркәсіпті автоматтандыру зертханасымен, оқу орнының зерттеу жобаларымен және физика-математика зертханасымен танысты. Шавкат Мирзиёев университеттің құрметті қонақтары кітабына қолтаңба қалдырды.

Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев ресми ашылған "MEGA Silk Way" сауда және ойын-сауық орталығының сауда-көрме павильондарын аралап көрді. Сондай-ақ екі ел президенттері "Cirque du Solei" әртістерінің Монте-Карлодағы халықаралық фестивалінің жеңімпаздары қойған шағын театрлық көрініс пен акробатикалық шоуды тамашалады.

Мемлекеттердің басшылары қаланың көрнекті орындарын аралап көрген соң "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешені құрылысының барысымен және оның макетімен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу