Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Сочиде кездеседі

828

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Сочиде кездеседі

Қазақстан мен Ресей президенттері келесі аптада Сочиде кездеседі. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанаға ресми сапармен келген РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазақстандық әріптесі Қайрат Әбдірахмановпен кездесті. Кездесу барысында Қайрат Әбдірахманов екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығы қарсаңында РФ сыртқы істер министрінің Астанаға жасаған іс сапарының маңызы зор екенін атап өтті.

Министр өз сөзінде қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастың жыл санап бекіп келе жатқанын жеткізді. Бұдан кейін сөз алған РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров стратегиялық қарым-қатынастың нығаюы жолында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің еңбегін ерекше атап өтті.

"Екі ел басшыларының алдағы кездесуі Сочиде өтеді деп жоспарланып отыр. Онда ТМД елдері басшыларының Кеңесі мен Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңес өтеді", - деді Сергей Лавров өз сөзінде.

Кремльдің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, ТМД елдері басшыларының кеңесі мен Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесі 2017 жылғы 11 қазанда Сочиде өтеді.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу