Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы Петропавл қаласына келіп қонды. Ал Ресей президентінің облыс орталығына қашан келетіні әзірге беймәлім, деп хабарлайды 24.kz.
Елбасы борттан түсе сала, өңірдің өндірістік нысандарының бірі – Кирова зауытына барды. Онда жұмысшылармен жүздесіп, облыстың әлеуметтік даму қарқынын бағамдады.
Президент өз сөзінде аймақтағы мектептер құрылысына, жалпы әлеуметтік инфрақұрылым саласына салынған инвестицияның артып келе жатқаны оң үрдіс деді.
Мемлекет басшысының алдында облыс әкімі Құмар Ақсақалов да баяндама жасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу