Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауында дауыс берді

1616

Қазақстанның Тұңғыш Президенті ел астанасындағы №58 сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауында дауыс берді  Фото: akorda.kz

Елбасыға дейін бұл учаскеге оның қызы, Сенат спикері Дариға Назарбаева келіп, дауыс берген болатын.

№58 сайлау учаскесінің төрайымы Қымбат Іргебаеваның сөзінше, учаскеде 3 417 сайлаушы тіркелген.

"Бүгін дауыс берушілердің жоғары белсендігін күтіп отырмыз. Соңғы жиырма күнде тұрғындардың көбі бізге хабарласып, тиісті мәлімет алды. Бұл учаскеде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлын ерекше құрметпен күттік. Тұңғыш Президент осыған дейінгі сайлауда да осы учаскеде дауыс берген болатын", – деді Қымбат Іргебаева.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу