Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Реджеп Тайып Ердоғанға Түркия Республикасының президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Реджеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.
"Өткен сайлаудағы жеңісіңіз түрік халқының сіздің мемлекет басшысы лауазымында атқарған жұмыстарыңызды жоғары бағалағанын және сіз жүргізіп отырған саяси және экономикалық реформаларды, сондай-ақ дамудың айқын стратегиялық бағыттарын шынайы қолдайтынын көрсетті", - делінген жеделхатта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу