Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында Режеп Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Қазақстанның елордасы – Астананың 20 жылдығымен құттықтады.
Түркия көшбасшысы мемлекет басшысына зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.
Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары бауырлас екі ел арасындағы сындарлы диалогты одан әрі тереңдету мәселелері жөнінде пікір алмасты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу