Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Рождество мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөз Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
"Қымбатты отандастар! Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!Бұл – жақсылық пен әділдікті, жақын жандарға деген мейірім мен сүйіспеншілікті дәріптейтін, жоғары гуманистік идеалдарға деген сенімді нығайтатын мейрам. Қазақстандықтар бір-бірін басты рухани мерекелермен құттықтай отырып, әркімге түсінікті және әр адамның жанына жақын адами құндылықтардың тұтастығын танытады. Біздің азаматтарымыз бәрімізге ортақ бейбітшілік, бірлік, конфессияаралық келісім және басқа да көптеген маңызды жетістіктерімізді мақтан ете алады", – дейді елбасы.
Мемлекет басшысы түрлі дін өкілдерінің өзара түсіністікті нығайтуға және қазіргі Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын айта келе, бәріне зор денсаулық, баянды бақыт, береке тілейді.