Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Румен Радевқа Болгария Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Болгария халықтарының игілігі жолындағы екіжақты ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Румен Радевқа зор денсаулық, қызметіне табыс, ал достас болгар халқына бірлік пен бақ-береке тіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу