Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазынаның" басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

637

Кездесу барысында Қордың портфельдік компанияларының қазіргі экономикалық жағдайда үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазынаның" басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады Фото: akorda.kz

Елбасы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

А.Есімовтің мәліметі бойынша, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының барлық кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Қордың алдын ала қарастырылған қаржылық резервтерінің арқасында өндіріс қызметкерлерінің қысқаруына және жалақы төлеудің кешіктірілуіне жол берілген жоқ.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, аудит қорытындысы бойынша бюджетке төленетін төлемдер алдыңғы жылдармен салыстырғанда 52 пайызға артып, 1,1 трлн теңгеден асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу