Елбасы Нұрcұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті Төрағасы, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.
Б.Сұлтановтың мәліметіне сәйкес, Сауда және интеграция министрлігі тиімді көпформатты сауда-логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру бағытында жұмыс атқарып келеді. Оның құрамына Ұлттық тауар өткізу жүйесі мен өңірлік хабтар – "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы, "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы және "Еуразия" сауда-индустриялық орталығы кіреді.
Сонымен қатар министр Еуразиялық экономикалық одақта сауданы жүйеге келтіру және 16 кедергіні жою бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.