Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

663

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады.

Қазақстан президенті Өзбекстан президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тіледі.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ Орталық Азиядағы кооперациялық байланыстардың кеңейе түскенін ерекше атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу