Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинмен кездесті

1221

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы "Бір жол, бір белдеу" екінші халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинмен кездесті

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдірді, деп хабарлайды елбасының баспасөз қызметі  

"Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап, мен сіздің еліңізбен өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың осындай деңгейіне қол жеткізу үшін жұмыс істедім. Осы жылдар ішінде арамыздағы барлық өзекті мәселелер шешімін тапты. Біз шекарамызды белгілеп, сенімге негізделген диалогтың деңгейін көтердік", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы экономиканың түрлі секторларындағы қатынастардың жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

"Қытай мемлекеті Қазақстан үшін көршілес ел және экономикалық серіктес қана емес, сонымен бірге сенім артып, тірек санайтын біздің жақын досымыз", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу