"Нұрсұлтан Назарбаев – Тәуелсіздікті құрған азаматтардың жиынтық образы"

585

Елорда ономастикалық комиссиясының мүшелері Нұр-Сұлтан қаласын Астана деп қайта атауға арналған жиында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "еңбегін ұмытпауға", оның атындағы кейбір мекемелерді "сақтап қалуға" шақырды. 

"Нұрсұлтан Назарбаев – Тәуелсіздікті құрған азаматтардың жиынтық образы"

Сонымен бірге Қазақстанды совет одағымен салыстырғанда "бақытты" етіп көрсетуге тырысты, деп жазады inbusiness.kz.

"БҰҰ-ға енуіміз, шекарамыздың орнына келуі, астанада көптеген саммиттердің өтуі... Барлығын санап келгенде Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. ... Отыз жыл бойы соғыссыз өттік біз. Мысалы, Сталин 1928 жылы диктатор бола бастады. Сол отыз жылда совет елі көптеген соғыстан өтіп, 40 миллиондай адамынан айырылған екен... Біз қолда бар алтынның қадірін білмей қаламыз. Мұны неге айтып отырмын? Диванда жатқан батырлар көп қой қазір. Саясатты, экономиканы білмейді, бірақ елге айтады", – деді Нұр-Сұлтан қаласы ономастика комиссиясының мүшесі, "Мемлекет тарихы институты" мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, тарихшы Бүркітбай Аяған.

Тағы бір ономастикалық комиссиясының мүшесі, филолог ғалым Кәрімбек Құрманалиев бұрынғы президент атындағы ғылым-білім мекемелерін сақтап қалуға шақырды.

"Бір жақты болмай Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тәуелсіздігін нығайтудағы рөлін де ұмытпауымыз керек. (...) Айтайын дегенім, ғылым-білім саласындағы ол кісінің атымен аталатын оқу орындарды сақтап қалуды ойлауымыз керек. Осыдан "ойпырмай" деп, ол кісіден басқа тұлға жасаудың қажеті жоқ. Ол жинақталған образ. Тәуелсіздікті құрған азаматтардың жиынтығы", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу