Нұрсұлтан Назарбаев теннистен ерлер құрамасын жеңісімен құттықтады

671

Нұрсұлтан Назарбаев теннистен ерлер құрамасын жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстанның теннистен ерлер құрамасын Дэвис Кубогінің қазіргі чемпионымен ойында жеңіске жетуімен және осы үздік турнирдің әлемдік тобына өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Сіздердің мықты қарсыласпен бәсекеде табандылықпен жеткен жарқын жеңістеріңіз еліміздің спорт жылнамасындағы айтулы жетістік болып отыр. Қайсарлық пен қайрат-жігерлеріңіздің арқасында Қазақстан теннис мектебінің жоғары деңгейде екенін тағы да бір таныттыңыздар", – делінген жеделхатта.

Соңында елбасы құрама мүшелеріне зор денсаулық тілеп, спорттың жаңа  белестерінде табысқа жетулеріне ниеттестік білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу