Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады

619

Сондай-ақ, елбасының Түркістан облысына жұмыс сапары жоспарланған.

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады

Биылғы 28 қыркүйекте Қазақстан президенті Душанбе қаласында өтетін ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Басқосуда тараптар Достастық мемлекеттері ықпалдастығының келешегіне қатысты ой-пікір алмасып, ұйым жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру мәселесін қарастырады.

Мемлекет басшысының саммитте бірқатар екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына және Шымкент қаласына барады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу