Нұрсұлтан Назарбаев Түймебаевқа құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды

940

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевты қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Түймебаевқа құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды

Кездесуде Қазақстан президентінің былтырғы желтоқсан айында Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Облыс әкімі елбасыға негізгі әлеуметтік маңызы бар нысандардың, соның ішінде облыс әкімдігі, басқармалар мен аумақтық департаменттер ғимараттарының, сондай-ақ 1 200 мың шаршы метрді қамтитын тұрғын үй құрылысының барысы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының іскерлік орталығын салудың және абаттандырудың қазіргі қарқынын сақтау қажет екенін айтып, бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу