6 шілде – Елбасының туған күнінде "Хабар" телеарнасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа деректі фильмді көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Жалпы барлық жерде және әлемнің кез келген түкпірінде биліктің ауысуы – қауіпті сәт. Барлық уақытта да осынау сәтте катаклизмдер, тәртіпсіздіктер болып, барлық саяси күштер бас көтереді, әрқайсысы пайдаланып қалуға тырысады. Мен мұны ескердім...", – деді Нұрсұлтан Назарбаев тілші Айгүл Әділоваға берген сұхбатында.
Сондай-ақ фильм барысында коронавирус жайында сөз қозғалады. Айта кетсек, індетке Елбасының өзі де шалдығып қалған болатын. "Осынау коронавирус биліктің мықты вертикалы бар жерде, басқарылатын жерде – індетті еңсеруге болатынын көрсетіп берді. Бұл, оңай мәселе емес. Адамдар өліп жатыр. Жедел әрі табанды шешімдер қабылдау қажет", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі мен журналист Айгүл Әділованың арнайы жобасы – "Пусть следующие поколения сделают лучше меня..." деп аталатын деректі фильм 6 шілде күні "Хабар" телеарнасының эфиріне шығады.