Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы "Караван-Сарай" туристік кешеніне барды

1079

ҚР Тұңғыш Президенті Түркістандағы "Караван-Сарай" туристік кешенінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы "Караван-Сарай" туристік кешеніне барды

"Елбасы "Караван-Сарай" белгілі туристік кешенінің жұмысымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев "Алтын Самұрық" Ұшатын театрға барып, "Қыз қуу" және су үстіндегі театрландырылған шоуды тамашалады", - деп мәлім етті Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Бір шақырымға созылған кешенде төрт мың адам жұмыс істейді. Жобаға салынған инвестиция көлемі – 87 млрд теңге. Ерекше стильде салынған нысан Ұлы Жібек жолындағы сауданы елестеді. Мұнда қонақ үйлер, мейрамханалар, фуд-кордтар, шығыс базары, қолөнершілер көшесі секілді сауда және ойын-сауық орталықтары бар. Кешен ішіндегі сауда нысандары мен ойын-сауық орталықтарын су арнасы біріктіреді. Қайыққа отырып кез келгеніне жүзіп баруға болады. Сондықтан "Керуен-Сарайды" "Қазақстандағы Венеция" деп атайды.

Алып кешеннің жобасын "Turkistan Tourism City" компаниясы іске асырған. Кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсан айында басталып, нысан 20,5 га аумақта орналасқан. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді.

Бұл ретте, барлық құрылымдар су арнасы арқылы байланыстырылған, онда судағы "қайық шеруі" театрландырылған шоуы өткізіледі. "Керуен-Сарай" кешенінің Орталық Азияда баламасы жоқ және ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен кейін өңірге туристер мен инвестицияларды тартатын басты орталыққа айналады деп күтілуде. Жібек жолының тарихи сауда көшесін құру есебінен туристерді тарту және туризмді, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту жоспарланған. Қазір осынау кешенді көрсем, тарихымен таныссам деп көрші мемлекеттерден, ел ішінен туристер көптеп келуде.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу