Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

769

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды akorda.kz.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың перспективаларын талқылап, бірқатар халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Түркия президенті Қазақстанға ресми сапармен келуге, сондай-ақ биылғы қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға ниетті екенін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу