Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Юрий Хачатуровты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында ҰҚШҰ-ның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі және Ұйымның одан әрі институционалдық даму процесінің негізгі аспектілері талқыланды.
Сондай-ақ әңгіме барысында 2017 жылғы күзде Минскіде өткізілуі жоспарланған ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық мәселесі қаралды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу