Нұрсұлтан Назарбаев: Үлескерлердің есін жинаймыз

728

Нұрсұлтан Назарбаев: Үлескерлердің есін жинаймыз

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев RBK банкі айналасындағы дау жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz.
Мемлекет басшысына партия мүшесі, мәжілістің бұрынғы депутаты Светлана Романовская RBK банкінің карточкалары екі айдан бері бұғатта жатқанын, соның кесірінен адамдар жалақысын, студенттер шәкіртақысын ала алмай отырғанын айтты. 
"ҚР Ұлттық банкі маусымнан бері осыны біле тұра ешқандай шара қолданбады. Мен партияның мүшесі ретінде үнсіз отыра алмаймын. Ипотека салымшыларының, рөлі оң жақтағы автокөлік иелерінің мәселесін шешіп бергеніңіз есімде", - деді Романовская.
Қазақстан президенті шағымға қатысты пікір білдіріп, банктің сақталатынын жеткізді. 
"Бұл мәселені жақсы білемін, не болып жатқанын да білемін. Бұл өз ойларын қаржыландыру үшін жасаған үлескерлердің ұрлығы. Үлескерлердің есін жинаймыз. Ұрылар өздерінің орындарында отыруы керек. Ақшаны қайтартқызамыз, банкті тұрақтандыруға тырысамыз. Үлескерлер, әсіресе физикалық тұлғалар өз қаражаттарын ала алады. Қазір үкімет Ұлттық банкпен белсенді түрде жұмыс істеп жатыр", - деді Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу