Нұрсұлтан Назарбаев: Үшінші адамды шақырмай өзіміз шешуіміз керек

931

Нұрсұлтан Назарбаев: Үшінші адамды шақырмай өзіміз шешуіміз керек

Ақордаға бірінші болып келген Қырғызстанның мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбековпен елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кездесіп, мәртебелі мейманға өз ілтипатын білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Шын жүрегімізбен сіздерді қабылдап жатырмыз. Барлық жұмыстарды қарастырудамыз. Екеуіміз кездескеннен кейінгі келісілген мәселелер барлығы шешіліп жатыр. Екі мемлекеттік жол картасы бар. Сауда-саттық жақсы дамуда. Болашақта барлығын дұрыс болады деп есептейміз. Өзбекстан, Тәжікстанмен де көп жұмыстар жасалып жатыр. Мұның барлығы ел үшін жасалуда", — деді Назарбаев. 

Елбасы кездесу барысында бес мемлекеттің арасындағы көптеген маңызды мәселенің шешілетініне сенім білдірді. 

"Бүгін бес мемлекеттің басшылары кездесіп, ішіміздегі жағдайларды, экономика, сауда-саттық, инфрақұрылым, логистика соның бәрін шешуге мүмкіншілік болады деп санаймын. Орталық Азия мемлекеттеріндегі мәселелерді үшінші адамды шақырмай өзіміз шешуіміз керек.  Ел мен халықтың қарым-қатынасына бар жағдайды жасау үшін кездесеміз, басқа ойымыз жоқ", — деді Қазақстан президенті. 

Өз кезегінде Сооронбай Жээнбеков елбасыға алғысын білдіріп, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі көрші елдер арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайта түсетініне сенімді екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу