Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен телефонмен сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимр Путин күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық маңызды мәселелер туралы пікір алмасты. Сириядағы жағдай мен Астанада алдағы күндері өтетін сирияаралық келіссөздер кестесі жөнінде де арнайы әңгіме болды. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу