Нұрсұлтан Назарбаев: Жұмсалған қаражат келген қонақтардың есебінен қайтарылды

979

Нұрсұлтан Назарбаев: Жұмсалған қаражат келген қонақтардың есебінен қайтарылды

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу өзін-өзі ақтады. Бұл туралы Ақордадағы баспасөз конференциясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Жұмсалған қаражат келген туристердің, қонақтардың есебінен қайтарылды. Мен айтып кеткендей, Астананың барлық қонақ үйлері толы болды, концерттік залдары, дүкендері серпіліп қалды. Астананың бюджетіне түсім бірнеше есе артты. Көрме мультипликатипті тиімділік көрсетті", - деді Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекте басшысы еске салып кеткендей, ЭКСПО-2017 құрылысына 1400 қазақстандық компания қатысты.

"Олар металл, құрал жабдықтар мен құрылыс материалдарын жеткізді. Адамдар ақша тапты. Бюджет те өзіне тиесілі қаржыны алды", - деп түйді Н. Назарбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу