Нұрсұлтан Назарбаевқа әлемде тұңғыш рет бүйрек ауыстыру отасын атқарған робот таныстырылды

752

Нұрсұлтан Назарбаевқа әлемде тұңғыш рет бүйрек ауыстыру отасын атқарған робот таныстырылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары аясында Өскемен қаласындағы роботтандырылған хирургия орталығының дәрігерлермен кездесті.

Елбасының назарына №1 ауруханасындағы роботтандырылған хирургия орталығы ұсынылды. Мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған аурухана соңғы 2-3 жылда материалдық-техникалық жабдықталу жағынан үлкен өзгерістерді басынан кешірді. Соның ең елеулісі - роботтандырылған ота орталығы. Оның жұмысын жүргізу үшін 4 маман іріктеліп, Италия мен Алманиядан қосымша білім алып, біліктіліктерін көтерген болатын. Ал ота жасаушы роботты іске қосып, жергілікті мамандарды үйретуге Италиядан Стефано Джидаро есімді профессор шақыртылған. Ол 27 наурыздан бері  Өскеменде еңбек етуде. Оның басқаруымен "оташы робот" 36 науқастың алғысына бөленіп үлгерген.

Жуырда бұл ауруханада әлемде тұңғыш рет бүйрек ауыстыру отасын робот атқарды. Келешекте роботтың көмегімен жылына 500 ота жасау көзделген. Облыс әкімі Даниал Ахметов мұндай роботтандырылған орталық Қазақстанның өзге өңірлерінде жоқ екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу