Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халық қаһарманы" атағы берілді

2268

ҚР президенті өкілеттігін қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасыға "Алтын жұлдыз" орденін тапсырды. Ол Қазақстан қол жеткізген барлық жетістіктері мен табыстары, қасиетті тәуелсіздігі үшін президент Нұрсұлтан Назарбаевқа борышты деп есептейді.

Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халық қаһарманы" атағы берілді Фото: Серікжан Қобыланбаев

Бүгін Республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халық қаһарманы"  атағын берді.

Бүгін ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР президенті өкілеттігін қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент куәлігі, омырауға тағатын белгісі және байрағы, "Алтын қыран" ордені тапсырылды.

Салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев сөз алып, президент ретіндегі алғашқы тапсырмаларды жүктеді. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халық қаһарманы" атағын беруді ұсынды. 

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кету туралы шешімі елдің болашағын шынайы ойлаумен қабылданған шешім, деп есептейді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

"Елбасының бұл ерікті шешімі жаһандық деңгейдегі және тарихи ауқымдағы саяси қайраткер ретіндегі ұлылығының айқын көрінісі. Бұл шешім біздің мемлекеттің келешегін шынайы ойлаудан туындаған шешім. Қазақстан қол жеткізген барлық жетістіктері мен табыстары, қасиетті тәуелсіздігі үшін президент Нұрсұлтан Назарбаевқа борышты", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу