Светлана Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың әйелі болған. Сатыбалды Назарбаев 1981 жылы қайтыс болған. Олардың Қайрат Сатыбалды және Самат Әбіш деген екі ұлы бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тиісті ақпаратты саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram арнасында хабарлады.
Ашық дереккөздерге сенсек, Светлана Назарбаева Алматы облысы, Бөрлі-төбе ауданы, Лепсі ауылында дүниеге келген. Филолог, педагогика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. "Дәуір" республикалық полиграфиялық баспа кешенінің бас директоры қызметін атқарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу