Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирстық инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
"Қазіргі таңда Қазақстанның тұңғыш президенті өзін оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға негіз жоқ", – деп жазылған хабарламада.
Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев қазір қашықтан жұмыс істеуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу