Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Нұр Отан" съезі басталды

756

Съезд жұмысына 2 мыңға жуық адам қатысуда. Олардың 1200-і еліміздің өңірлерінен келген делегаттар, ал қалған 800-ге жуығы – қонақ.

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Нұр Отан" съезі басталды Фото: inform.kz

"Нұр Отан" партиясының 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған съезде 10 бағыттан тұратын бағдарлама қабылданады.

Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, бағдарлама отбасылардың жағдайын жақсартуға арналған. Сондай-ақ құжат білім, денсаулық сақтау, экономика, бизнес, мемлекеттік басқару, әлеуметтік мәселелер, жастар, партияның саяси көшбасшылығы секілді бағыттарды қамтып отыр.

Бұл ретте, партия ел үкіметімен бірлесіп "Бақытты отбасы" жобасын жүзеге асырмақ. Бұл жоба көп балалы отбасылардың жағдайын жақсартуға бағытталады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу