Ұлан-Баторда (Моңғолия) Азия чемпионатының финалдық кезеңі жалғасып жатыр.
Аталған бәсекеде 87 келіге сынға түскен Нұрсұлтан Тұрсынов жұбаныш белдесуінде қырғызстандық Мелис Айтбековты 7:2 есебімен ұтып, қола жүлдеге ие болды.
Нұрсұлтан Тұрсынов жартылай финалда ирандық Насер Ализадеден жеңіліп қалып, жұбаныш финалдында белдесуге мүмкіндік алған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу