"Әлі аяқталған жоқ": Нұртай Сабильянов асфальт төселмеген тас жолдардың мәселесін көтерді

142

Қалбатай – Майқапшағай тас жолын жөндеу жұмыстары әлі бітпеді.

"Әлі аяқталған жоқ": Нұртай Сабильянов асфальт төселмеген тас жолдардың мәселесін көтерді Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов құрылысын аяқтауды және жөндеу жүргізуді қажет ететін автомобиль жолдары бар екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мысалы, "Қалбатау – Майқапшағай" тас жолын жөндеу 2019 жылдан бері бес жылға жуық уақыт жүргізіліп келеді. Бірақ жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Ұзындығы 412 км болатын республикалық маңызы бар "Қызылорда – Жезқазған" автожолы ең үлкен мәселе болып отыр. Осы учаскені жөндеу жұмыстарын аяқтауды жеделдету қажет. Сонымен қатар, мысалы, республикалық маңызы бар Қарағанды – Аягөз – Бұғаз автожолының жай-күйі қанағаттанарлық жағдайда емес әрі оның жекелеген учаскелерінде тіпті асфальт жабыны мүлдем жоқ, шұңқыр-шұңқыр. Бұл мәселе осы өңірдің тұрғындары арасында жиі көтеріледі", – деді Нұртай Сабильянов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Мәжілісмен биыл жөндеу жұмыстары басталды, енді бақылауды  күшейту керек деген пікірде.

"Біздің ойымызша, автомобиль жолдарының мұндай жай-күйі олардың өткізу қабілетіне және жалпы алғанда елдің көлік-логистика әлеуетін дамытуға айтарлықтай әсер етеді", – деді депутат.

Нұртай Сабильянов "ұзаққа созылған құрылыс" жобаларын іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар 90%-ға аяқталғанын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу