Нұртас Әжбенов кәсіби мансабындағы төртінші кездесуде жеңіске жетті

1310

Оның қарсыласы ұлыбританиялық боксшы Крис Адавей болды.

Нұртас Әжбенов кәсіби мансабындағы төртінші кездесуде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов кәсіби мансабындағы төртінші кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Кардифф қаласындағы Vale Sports Arena-да өтті, ал оның қарсыласы ұлыбританиялық боксшы Крис Адавей болды. Нәтижесінде Әжбенов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл қазақстандық боксшы үшін кәсіби мансабындағы алғашқы алты раундтық жекпе-жек болды.

24 жастағы Әжбенов төрт кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті, олардың біреуі мерзімінен бұрын аяқтады. 25 жастағы ұлыбританиялық боксшы мансабында 51-ші рет жеңіліс тапты. Сондай-ақ, оның есебінде сегіз жеңіс, тағы төрт жекпе-жек тең аяқталды.

Еске салайық, 2018 жылы маусымда Әжбенов басқа қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбекпен бірге Ұлыританиялық MTK Global-мен келісімшартқа қол қойған болатын. Бұл компания әлемнің бұрынғы екі чемпионы – Билли Джо Сондерс пен Тайсон Фьюридің мүддесін қорғайды. 2013 жылы маусымда қазақстандық Геннадий Головкиннен мерзімінен бұрын жеңілген ирландық боксшы Мэттью Маклин иелік етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу