Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті, деп inbusiness.kz "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Нұртілеу Иманғалиұлы "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас", "Айна", "Жас жігер", "Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.
Н.Иманғалиұлы 2006-2007 жылдары – "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы, одан кейінгі жылдары "Қазақстан РТРК" АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.