Нұртөре Жүсіп: Электросамокат пен гироскутерлерді пайдалану қауіпті

604

Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұртөре Жүсіп электросамокаттар, самокаттар мен гироскутерлер тек олардың иелерінің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Нұртөре Жүсіп: Электросамокат пен гироскутерлерді пайдалану қауіпті

Ол депутаттық сауалын Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жолдады.

"Электрсамокаттарды әкелуді және қауіпсіз пайдалануды құқықтық реттеу қажет деп білеміз. Сізден жоғарыда аталған құрылғыларды жіктеу және заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізу мәселесін тездетіп пысықтауды сұраймын. Еуразиялық экономикалық одақтың салалық техникалық регламенттерінің нормаларын ескере отырып, кедендік бақылауды жүзеге асыру аясында регламенттер мен стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін құрылғылардың шеттен әкелуін шектеу бойынша шаралар қабылдау маңызды", – деді Нұртөре Жүсіп. 

Ресми деректер бойынша, биылғы алғашқы сегіз айда жоғарыда аталған құралдардың қатысуымен 387 жағдай тіркелген, нәтижесінде 25 адам қаза тапқан, ал 411 азамат жарақат алған.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу