Нұртөре Жүсіп: Қазақ тілді аудармашылар тапшы

871

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа депутаттық сауалында аудармашылар мәселесін көтерді. 

Нұртөре Жүсіп: Қазақ тілді аудармашылар тапшы Фото: Википедия

Ол әсіресе ілеспе аудармашылар тапшы, бұл қазақ тілін қолдану аясына теріс әсер етіп жатқанын айтады деп жазады inbusiness.kz.

Депутаттың сөзінше елімізде қазақ тілді ілеспе аудармашыларды даярлайтын оқу орындары жоқтың қасы.

“ Жоғарыда айтылғандардың негізінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге зор ықпал ететін ілеспе мамандарды даярлау үшін бірінші - ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің тіл комитетіне ілеспе аудармашыларды дайындау курсын жеделдетуді қолға алуға тапсырма беру; екінші мемлекеттік органдарда бейімі бар мамандарды үйрету үшін курстар ұйымдастыру” - деді Нұртөре Жүсіп өз сауалында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу