Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары Бірғаным Сарықызы Әйтімова мен Асқар Асанұлы Бейсенбаевтың өкілеттіктері тоқтатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары болып Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп пен Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу