Нұртөре Жүсіп: Жастар тәк-тәкпен емес, тик-токпен өсіп келеді

1279

"Елдегі жетекші арналардың көпшілігі мемлекеттік тапсырыс есебінен бюджеттен қаржыландырылады. Оларға "рейтинг" не үшін керек?". 

Нұртөре Жүсіп: Жастар тәк-тәкпен емес, тик-токпен өсіп келеді

Депутат Нұртөре Жұсіп Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа осындай сауал қойды.

Ол "Ел Арна" және "Тәлім ТВ" арналарын жасөспірімдер арнасына айналдыруды ұсынды. Мұндай контентті жасау қажеттілігінің маңыздылығын екі ай бұрын Президент атап өткен болатын. 

"Жастар "тәк-тәкпен емес, тик-токпен өсіп келеді", – деген депутат білім беру, жастарды рухани тәрбиелеу, жасөспірімдер үшін цифрлық жобалар жасау және жұмыссыздық мәселелерін шешу салаларында мәселелерді көтерді.

"Үкімет басшысынан осы айтылғандарды және Сенат қабылдаған Ұлттық құндылықтар туралы ұсынымдар мен әлеуметтік желідегі пайдалы ұсыныстарды тезірек елекке салып, нақты іс-қимыл жоспарын жасауды сұраймын!", – деді Жүсіп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу