Нұржамал Нұрпейісова: Криштиану Роналдуға шапан тігеміз деп еш ойламаппын

2439

Нұржамал Нұрпейісова: Криштиану Роналдуға шапан тігеміз деп еш ойламаппын

"Теңізшевройл" компаниясының өкілдері Женевада "Реал Мадрид" шабуылшысы, танымал футболист Криштиану Роналдумен кездесіп, оған қазақ шапаны мен кәдесый тарту еткен болатын. "Нұр-Шах" сән үйінің директоры Нұржамал Нұрпейісова әйгілі ойыншыға сыйға тартылған осы шапанның қалай тігілгені туралы айтып берді, деп хабарлайды vesti.kz. 
"Шапанды "Нұр-Шах" сән үйінің қызметкерлері тікті. Ол велюрден жасалды, себебі оған өрнектер әдемі салынады. Тапсырыс берушілердің сұранысымен шапан сюртукке ұқсас пішілген, оған ұлыбританиялық жаға, қалта, қазақтың ою-өрнегі мен күн сәулесінің астында самғап ұшқан бүркіт бейнеленуге тиіс болды. Бұл жеке тапсырыс болды", - дейді Нұржамал Нұрпейісова.  
Шапанмен бірге бөрік те тігілген екен. 

"Біз шапанды спортшылар үшін және басқа елден келген қонақтар үшін тігеміз. Менің арманым бар, біздің чемпион Геннадий Головкинге шапан тігіп бергім келеді. Алайда Криштиану Роналдуға шапан тігеміз деп еш ойламаппын! Мен оның барлық жетістікке өзі жеткені үшін тәнтімін, оны қатты құрметтеймін. Оның өзіне және командасына жанкүйермін", - дейді Нұржамал Нұрпейісова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу