"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.
Нұржан Нұржігітов 1967 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
1991 жылы Еңбек Қызыл Ту Орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін тәмамдаған.
1988-1996 жылдары Еңбек Қызыл Ту Орденді Ленинград ауылшаруашылық институтында техник, комендант, М.Горький атындағы колхозында механик, Төле би атындағы агробірлестігінде бас инженер болып қызмет атқарған.
1996-2008 жылдары - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бөлім меңгерушісі, экономика басқармасының бас маманы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2008-2011 жылдары - Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингін дамыту бөлімінің меңгерушісі.
2011-2015 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы.
2015-2018 жылдары - Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
2018-2019 жылдары - Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.
2019-2021 жылдары - Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі.
2021-2022 жылдары - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
2022-2023 жылдары - Жамбыл облысының әкімі.
2023 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды.