NVIDIA басшысы Дженсен Хуанг қызметіне қайта оралды

328

NVIDIA директорлар кеңесі Дженсен Хуангты компания президенті және бас директоры қызметіне қайта тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

NVIDIA басшысы Дженсен Хуанг қызметіне қайта оралды Фото: forbes.com

Сонымен қатар директорлар кеңесінің құрамына да қайта кірді. Бұл шешім бірауыздан қабылданып, бірден күшіне енді.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, директорлар кеңесі Дженсен Хуангпен бірнеше кездесу өткізгеннен кейін оның басшылық қабілетіне және ашықтығына көз жеткізген. Сондай-ақ шешім қабылдау кезінде АҚШ үкіметі өкілдерінің ұсыныстары ескерілген. Олардың бағалауынша, Дженсен Хуангтың қызметіне қайта оралуы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмейді.

Директорлар кеңесінің төрағасы Харви Джонс Дженсен Хуангтың компанияны басқаруға лайық екенін атап өтті. Оның айтуынша, басшының оралуы акционерлер, қызметкерлер, серіктестер мен клиенттердің мүддесіне сай келеді. 

Өз кезегінде Дженсен Хуанг компания басшылығына қайта оралғанына қуанышты екенін айтып, жұмысты толық жауапкершілікпен жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ директорлар кеңесіне, қызметкерлерге, акционерлерге, серіктестеріне және отбасына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен бірге Дженсен Хуангқа қатысты тергеу жұмыстары тоқтатылмайды. Директорлар кеңесінің тәуелсіз комитеті оның шетелдік барлау қызметінің операциясына нысана болуы мүмкін деген ақпараттан кейін бастаған тексеруді жалғастырады. Дженсен Хуанг тергеуге қолдау білдіріп, онымен толық ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу