NVIDIA мен OpenAI Қазақстанға бет бұрды: Президент еліміздің жаңа жетістіктерін атады

540

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында Дженсен Хуангқа алғыс айтты.

NVIDIA мен OpenAI Қазақстанға бет бұрды: Президент еліміздің жаңа жетістіктерін атады Фото: Reuters

Себебі, Қазақстан жақында NVIDIA компаниясымен ынтымақтастық туралы келісім жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Біз NVIDIA компаниясымен жемісті ынтымақтастықты жолға қойдық. Аты аңызға айналған көрнекті инженер Дженсен Хуанг мырзаға жақында Астанаға арнайы келгені үшін алғыс айтамын.

OpenAI компаниясымен серіктестік нәтижесінде еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының ұстаздары ChatGPT Edu арнаулы чат-ботын еркін пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Стэнфорд университеті, Массачусетс технологиялық институты (MIT), Беркли және Карнеги Меллон университеттеріндегі сарапшылардың қолдауымен студенттеріміз 22 мыңнан астам жобаны жасап шығарды. ЖИ-мен байланысты жүздеген шешім бизнес, денсаулық сақтау, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларына енгізіліп жатыр.

Satbayev Technical University мен Гонконг қалалық университеті арасындағы ынтымақтастық та осы салада айтарлықтай нәтиже әкелді. Бұл ретте Нгай мырзаның жасанды интеллект саласындағы әзірлемелерді өндіріске енгізу туралы бастамасын толық қолдаймын", – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу